Астана әкімдігінің заңсыз әрекеті анықталды

Енді бұл заң бұзушылықтар түзетілуі керек
Sputnik
АСТАНА, 24 қаңтар — Sputnik. Астана әкімдігі елорданың көрнекті спорт нысандарын монополистердің басқаруына заңсыз берді, деп хабарлады монополияға қарсы агенттік.
Монополияға қарсы ведомство "Астана Арена" стадионы мен "Барыс Арена" және "Алау" мұз сарайларын мемлекеттік сатып алуды басқаруды беруде заң бұзушылықтарды анықтады.
"Тендерлер жарияланған кезде қатысушылардың аясын шектейтін талаптар қойылды", - деп хабарлады ведомстводағылар.
Енді қала билігі бұл заң бұзушылықтарды түзетуі керек.
"Қазақтелеком" тарифті қымбаттатпақ – монополияға қарсы қызмет компанияға ескерту жасады