АСТАНА, 23 қаңтар – Sputnik. Түстен кейін де елордалық оқушылар мен студенттерді қашықтан оқытуға шешім қабылданды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қалалық білім бөліміне сілтеме жасап.
"23 қаңтар күні ауа райының қолайсыздығына байланысты екінші ауысымның 0-11 (12) сынып оқушылары және колледждердің 1-2 курстың студенттері (9 сынып базасында) қашықтан оқыту форматына ауыстырылады", - делінген ресми хабарламада.
Бұған дейін білім беру басқармасы 23 қаңтарда ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысымның 0-11 (12) сынып оқушылары және колледждердің 1-2 курс студенттері қашықтан оқыту форматына ауыстырылғанын хабарлаған болатын.