Елорда тынысы

Астанада екінші ауысымдағы оқушылар мен студенттер де онлайн оқиды

© AP Photo / Eric GayУчитель объясняет тему урока на камеру смартфона
Учитель объясняет тему урока на камеру смартфона  - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.01.2025
Жазылу
Бірінші ауысымның оқышылары да онлайн оқыған болатын
АСТАНА, 23 қаңтар – Sputnik. Түстен кейін де елордалық оқушылар мен студенттерді қашықтан оқытуға шешім қабылданды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қалалық білім бөліміне сілтеме жасап.
"23 қаңтар күні ауа райының қолайсыздығына байланысты екінші ауысымның 0-11 (12) сынып оқушылары және колледждердің 1-2 курстың студенттері (9 сынып базасында) қашықтан оқыту форматына ауыстырылады", - делінген ресми хабарламада.
Бұған дейін білім беру басқармасы 23 қаңтарда ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысымның 0-11 (12) сынып оқушылары және колледждердің 1-2 курс студенттері қашықтан оқыту форматына ауыстырылғанын хабарлаған болатын.
Жаңалықтар
0