Ақтөбеде бүйрегін сатпақ болған адам сотталды

Sputnik
АЛМАТЫ, 23 қаңтар - Sputnik. Ақтөбеде қарызға батып, бүйрегін сатпақ болған адам сотталды, деп хабарлайды облыстық сот.
Қылмыстық істі Ақтөбе қаласының № 2 соты қарады. Қылмыстық Кодекстің 24 бабы 3 бөлігі "Тірі адамның ағзалары мен тіндеріне қатысты заңсыз мәмілелер жасауға оқталды" деп айыпталды.
"Сотталушы былтыр маусымда тұрақты табыс көзі жоқ жұмыссыз болып, өзінің бір бүйрегін "Телеграмм" арна арқылы сату туралы хабарландыру жариялаған. Ол бір бүйректің құны 9 000 000 теңгеге бағалады. 2024 жылдың қыркүйегінде хабарландыруға құқық қорғау органдарымен ынтымақтастықта болған куәгер Б. жауап берді. Олар У-дан бір бүйректі сатып алу-сату туралы келісімге келді. Қажетті медициналық тексеруден өткеннен кейін сотталушы куәдан 5 000 000 теңге сомасын алған кезде ұсталды", - дейді ведомстводан.
Сот үкімімен сотталушы Қылмыстық Кодекстің 24-бабының 3-бөлігі – 116-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған 1 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жазасы тағайындалды.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Қоғам
Ақшадан таршылық көрген қазақстандық 20 мың долларға бүйрегін сатпақ болған