https://sputnik.kz/20230731/aqshadan-tarshylyq-korgen-qazaqstandyq-20-myn-dollarga-buyregin-satpaq-bolgan-37186081.html
Ақшадан таршылық көрген қазақстандық 20 мың долларға бүйрегін сатпақ болған
Ақшадан таршылық көрген қазақстандық 20 мың долларға бүйрегін сатпақ болған
Sputnik Қазақстан
Ер адам халықаралық интернет-сайтқа бүйрегін сататыны туралы хабарлама берген 31.07.2023, Sputnik Қазақстан
2023-07-31T18:04+0500
2023-07-31T18:04+0500
2023-08-10T12:31+0500
қоғам
бүйрек доноры
https://sputnik.kz/img/07e7/04/13/34123867_0:0:801:450_1920x0_80_0_0_1eb9a2692fd1f800afbba9a98f8fc09c.jpg
АСТАНА, 31 шілде – Sputnik. Шетелге барып бүйрегін сатуды жоспарлаған Орал тұрғыны Алматы әуежайында ұсталды. 33 жастағы ер адам Кенияда ота жасатпақ болған, деп хабарлайды Polisia.kz.Орал қаласының 33 жастағы тұрғыны вахталық әдіспен жұмыс істейді. Ақшадан қиналған отбасылы азамат өз бүйрегін сатпақ болған. Осылайша мамыр айында халықаралық интернет-сайтқа ақшалай сыйақы үшін трансплантацияға бүйрегін сататыны туралы хабарландыру жариялайды. Осыдан кейін сайттың қызметкерлері Telegram арнасы арқылы онымен байланысқа шығып, бүйрегі үшін 20 мың доллар ұсынады. Операцияны Кенияда жасауға келіседі.Қазақстандық екі ай бойы Оралдағы медицина орталықтарында анализ тапсырады. Талдау нәтижелерін Telegram арнасы арқылы сайт қызметкерлеріне жолдап отырады. Ал олар Кенияға электронды виза мен әуе билетін сатып алу үшін оның шотына 250 доллар аударады.30 шілде күні полиция қызметкерлері Орал тұрғынын Алматы әуежайында ұстады.Тергеу амалдарын жүргізу үшін ер адам Орал қаласына жеткізілді, оған ешқайда кетпеу туралы қолхат берілді.Қазір бұл факті бойынша Қылмыстық кодекстің 116-бабы 1-бөлігіне сәйкес (Адамның ағзалары мен тiндерiн алып қоюға мәжбүрлеу немесе заңсыз алып қою) сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.Айта кетері, Қазақстанда орган сатуға тыйым салынады және трансплантация жасаудың жалғыз жолы — пациенттің туысының өтеусіз беруі немесе қайтыс болған адамның органын туыстарының келісімімен алу.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/04/13/34123867_100:0:700:450_1920x0_80_0_0_fada6ce02cf31ef179e633367168ff38.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
бүйрек доноры
Ақшадан таршылық көрген қазақстандық 20 мың долларға бүйрегін сатпақ болған
18:04 31.07.2023 (жаңартылды: 12:31 10.08.2023) Ер адам халықаралық интернет-сайтқа бүйрегін сататыны туралы хабарлама берген
АСТАНА, 31 шілде – Sputnik. Шетелге барып бүйрегін сатуды жоспарлаған Орал тұрғыны Алматы әуежайында ұсталды. 33 жастағы ер адам Кенияда ота жасатпақ болған, деп хабарлайды
Polisia.kz. Орал қаласының 33 жастағы тұрғыны вахталық әдіспен жұмыс істейді. Ақшадан қиналған отбасылы азамат өз бүйрегін сатпақ болған. Осылайша мамыр айында халықаралық интернет-сайтқа ақшалай сыйақы үшін трансплантацияға бүйрегін сататыны туралы хабарландыру жариялайды. Осыдан кейін сайттың қызметкерлері Telegram арнасы арқылы онымен байланысқа шығып, бүйрегі үшін 20 мың доллар ұсынады. Операцияны Кенияда жасауға келіседі.
Қазақстандық екі ай бойы Оралдағы медицина орталықтарында анализ тапсырады. Талдау нәтижелерін Telegram арнасы арқылы сайт қызметкерлеріне жолдап отырады. Ал олар Кенияға электронды виза мен әуе билетін сатып алу үшін оның шотына 250 доллар аударады.
30 шілде күні полиция қызметкерлері Орал тұрғынын Алматы әуежайында ұстады.
Тергеу амалдарын жүргізу үшін ер адам Орал қаласына жеткізілді, оған ешқайда кетпеу туралы қолхат берілді.
Қазір бұл факті бойынша Қылмыстық кодекстің 116-бабы 1-бөлігіне сәйкес (Адамның ағзалары мен тiндерiн алып қоюға мәжбүрлеу немесе заңсыз алып қою) сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Айта кетері, Қазақстанда орган сатуға тыйым салынады және трансплантация жасаудың жалғыз жолы — пациенттің туысының өтеусіз беруі немесе қайтыс болған адамның органын туыстарының келісімімен алу.