АСТАНА, 21 қаңтар – Sputnik. АҚШ президенті Дональд Трамп Американың Украинаны қолдауға НАТО мүшелерінен 200 миллиард доллар көп жұмсағанын айтты, деп хабарлады РИА Новости.
"НАТО 5 пайыз төлеуі керек. Біз Украинадағы соғыста НАТО-дан 200 миллиард долларға көп төледік. Бұл күлкілі, өйткені бұл оларға көбірек әсер етеді. Арамызда мұхит бар, бірақ біз Украинаға НАТО-дан 200 миллиард доллар көп жұмсадық", - деді ол журналистерге.
НАТО-ның басқа мүшелеріне қарағанда АҚШ-тың қазірдің өзінде 200 миллиард доллар көп жұмсағанын айтқан Трамп журналистерге "НАТО көбірек ақша төлеуі керек және олар есепті теңестіруге мәжбүр болады" деді.
"Жарты күн өтті, әлі жарты күнім бар. Біз мұны жүзеге асырғымыз келеді. Біз мұны мүмкіндігінше тезірек шешуге тырысамыз", - деді Трамп Украинадағы қақтығысты бірінші күні реттеу туралы уәдесі бойынша жағдайды бағалауды сұрағанда.
Трамп жалпы Украинада қақтығыс болмауы керек екенін айтты. Трамп дүйсенбі күні Капитолийдегі инаугурация рәсімінде ант беріп, АҚШ президенті ретінде ресми түрде қызметіне кірісті.
Ол бұл қызметті 2017 жылдан 2021 жылға дейін атқарған және 2024 жылдың 5 қарашасында өткен сайлауда жеңіске жеткеннен кейін қайта билікке келді. Трамп төрт жылдық үзілістен кейін Ақ үйге оралған 19 ғасырдан бері АҚШ-тың алғашқы саясаткері болды.