https://sputnik.kz/20250116/euroodaq-reseyge-qarsy-sanktsiyalardy-kusheytudi-qoldamay-otyr--ukraina-elshisi-50019408.html
Еуроодақ Ресейге қарсы санкцияларды күшейтуді қолдамай отыр – Украина елшісі
Еуроодақ Ресейге қарсы санкцияларды күшейтуді қолдамай отыр – Украина елшісі
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 16 қаңтар – Sputnik. Украинаның Еуроодақтағы елшісі Всеволод Ченцов Еуроодақтың кейбір елдері Ресейге, атап айтқанда металлургия өнеркәсібіне қатысты... 16.01.2025, Sputnik Қазақстан
2025-01-16T17:32+0500
2025-01-16T17:32+0500
2025-01-16T17:32+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
https://sputnik.kz/img/05/72/057205_0:300:5760:3540_1920x0_80_0_0_fd78e7e0e69ede010c7a5871e29b7073.jpg
АСТАНА, 16 қаңтар – Sputnik. Украинаның Еуроодақтағы елшісі Всеволод Ченцов Еуроодақтың кейбір елдері Ресейге, атап айтқанда металлургия өнеркәсібіне қатысты күшейтілген санкциялар енгізуге қарсылық танытып жатқанына шағымданды.Ол сондай-ақ ресейлік компаниялардың еуропалық нарықтағы үлесін арттырғанына қынжылды."Қолда бар ақпаратқа сәйкес, олар минералды тыңайтқыштар өндіру саласына инвестицияны 4 есеге арттырды. Олар нарық жағдайына сәтті бейімделуде, соның ішінде өнімдерінің сапасын арттыру, мысалы, түйіршіктелген тыңайтқыштарға көшуді қолға алған", - деді Ченцов.Ресей елдің санкциялық қысымға төтеп беретінін бірнеше рет мәлімдеді. Ресей президенті Владимир Путин бұған дейін Ресейді тежеу және әлсірету саясаты Батыстың ұзақ мерзімді стратегиясы екенін және санкциялар бүкіл әлемдік экономикаға ауыр соққы бергенін мәлімдеді. Оның үстіне Батыс елдерінің өзінде санкциялар тиімсіз деген пікірлер бірнеше рет айтылды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/05/72/057205_320:0:5440:3840_1920x0_80_0_0_5748664ec3fb19a7dc15eaa7759f673f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Еуроодақ Ресейге қарсы санкцияларды күшейтуді қолдамай отыр – Украина елшісі
АСТАНА, 16 қаңтар – Sputnik. Украинаның Еуроодақтағы елшісі Всеволод Ченцов Еуроодақтың кейбір елдері Ресейге, атап айтқанда металлургия өнеркәсібіне қатысты күшейтілген санкциялар енгізуге қарсылық танытып жатқанына шағымданды.
"Кейбір ЕО елі металлургиялық кешен өнімдерінің жекелеген түрлеріне 2028 жылға дейін санкциялық режимді алып тастауды қолдады. Біз бұл мерзімді және Ресей Федерациясы экспорттай алатын өнім көлемін қысқартуға тырысып жатырмыз", - деп украиналық "Общественное" телеарнасы Ченцовтың сөзінен үзінді келтірді.
Ол сондай-ақ ресейлік компаниялардың еуропалық нарықтағы үлесін арттырғанына қынжылды.
"Қолда бар ақпаратқа сәйкес, олар минералды тыңайтқыштар өндіру саласына инвестицияны 4 есеге арттырды. Олар нарық жағдайына сәтті бейімделуде, соның ішінде өнімдерінің сапасын арттыру, мысалы, түйіршіктелген тыңайтқыштарға көшуді қолға алған", - деді Ченцов.
Ресей елдің санкциялық қысымға төтеп беретінін бірнеше рет мәлімдеді. Ресей президенті Владимир Путин бұған дейін Ресейді тежеу және әлсірету саясаты Батыстың ұзақ мерзімді стратегиясы екенін және санкциялар бүкіл әлемдік экономикаға ауыр соққы бергенін мәлімдеді. Оның үстіне Батыс елдерінің өзінде санкциялар тиімсіз деген пікірлер бірнеше рет айтылды.