АСТАНА, 21 қаңтар – Sputnik. Мемлекет басшысы Жоғарғы сот төрағасы Асламбек Мерғалиевті қабылдады, деп хабарлады Ақорда.
Касым-Жомарт Токаев принял председателя Верховного суда Асламбека Мергалиева
© Пресс-служба президента Казахстана
Мерғалиев президентке былтыр атқарылған жұмыстар жайында баяндады. Оның айтуынша, қаралған істер мен материалдар саны ұлғайды. Ал соңғы 5 жылда сот төрелігін жүзеге асыру сапасы ең жоғары көрсеткішке жетті. Жергілікті соттар шығарған сот актілерінің 98,9 пайызы заңды әрі негізі бар деп танылған.
Бұдан бөлек, азаматтық және әкімшілік істер бойынша сотқа дейінгі татуласу рәсімдері көптеп қолданылып жатыр. Алқабилердің құзыреті кеңейіп, олар қарайтын істердің саны (147-ден 261-ге дейін) екі есеге өскен.
Жоғарғы сот төрағасы жасанды интеллект технологияларын енгізудің нәтижесін де айтты. Бұл әдіс біркелкі сот практикасын қалыптастыруға, судьялардың жұмысын айтарлықтай жеңілдетуге ықпал етеді. Материалдар мен істердің үштен бір бөлігі, яғни 2 миллион істің 665 мыңы роботты техниканы қолдану арқылы қаралған.
Ал мемлекет басшысы заң үстемдігін қамтамасыз етудің және қоғамның соттарға сенімін арттырудың маңыздылығын ерекше атап өтті.