https://sputnik.kz/20250121/alqabilerdin-qaraytyn-isterdin-sany-eki-esege-osken--zhogargy-sot-toragasy-50171815.html
Алқабилер қарайтын істердің саны екі есеге өскен – Жоғарғы сот төрағасы
Алқабилер қарайтын істердің саны екі есеге өскен – Жоғарғы сот төрағасы
Sputnik Қазақстан
Айтуынша, алқабилердің құзыреті кеңейген 21.01.2025, Sputnik Қазақстан
2025-01-21T16:48+0500
2025-01-21T16:48+0500
2025-01-21T17:07+0500
сот
жоғарғы сот
қасым-жомарт тоқаев
https://sputnik.kz/img/old/1273/96/12739611_0:188:2000:1313_1920x0_80_0_0_29012c31b23d499785451e2fec5438a9.jpg
АСТАНА, 21 қаңтар – Sputnik. Мемлекет басшысы Жоғарғы сот төрағасы Асламбек Мерғалиевті қабылдады, деп хабарлады Ақорда.Мерғалиев президентке былтыр атқарылған жұмыстар жайында баяндады. Оның айтуынша, қаралған істер мен материалдар саны ұлғайды. Ал соңғы 5 жылда сот төрелігін жүзеге асыру сапасы ең жоғары көрсеткішке жетті. Жергілікті соттар шығарған сот актілерінің 98,9 пайызы заңды әрі негізі бар деп танылған.Бұдан бөлек, азаматтық және әкімшілік істер бойынша сотқа дейінгі татуласу рәсімдері көптеп қолданылып жатыр. Алқабилердің құзыреті кеңейіп, олар қарайтын істердің саны (147-ден 261-ге дейін) екі есеге өскен.Жоғарғы сот төрағасы жасанды интеллект технологияларын енгізудің нәтижесін де айтты. Бұл әдіс біркелкі сот практикасын қалыптастыруға, судьялардың жұмысын айтарлықтай жеңілдетуге ықпал етеді. Материалдар мен істердің үштен бір бөлігі, яғни 2 миллион істің 665 мыңы роботты техниканы қолдану арқылы қаралған.Ал мемлекет басшысы заң үстемдігін қамтамасыз етудің және қоғамның соттарға сенімін арттырудың маңыздылығын ерекше атап өтті.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/1273/96/12739611_0:1:2000:1501_1920x0_80_0_0_222268d70e0e5c6dd2ebb1ebe7918a6f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
сот, жоғарғы сот, қасым-жомарт тоқаев
сот, жоғарғы сот, қасым-жомарт тоқаев
Алқабилер қарайтын істердің саны екі есеге өскен – Жоғарғы сот төрағасы
16:48 21.01.2025 (жаңартылды: 17:07 21.01.2025) Айтуынша, алқабилердің құзыреті кеңейген
АСТАНА, 21 қаңтар – Sputnik. Мемлекет басшысы Жоғарғы сот төрағасы Асламбек Мерғалиевті қабылдады, деп хабарлады Ақорда.
Мерғалиев президентке былтыр атқарылған жұмыстар жайында баяндады. Оның айтуынша, қаралған істер мен материалдар саны ұлғайды. Ал соңғы 5 жылда сот төрелігін жүзеге асыру сапасы ең жоғары көрсеткішке жетті. Жергілікті соттар шығарған сот актілерінің 98,9 пайызы заңды әрі негізі бар деп танылған.
Бұдан бөлек, азаматтық және әкімшілік істер бойынша сотқа дейінгі татуласу рәсімдері көптеп қолданылып жатыр. Алқабилердің құзыреті кеңейіп, олар қарайтын істердің саны (147-ден 261-ге дейін) екі есеге өскен.
Жоғарғы сот төрағасы жасанды интеллект технологияларын енгізудің нәтижесін де айтты. Бұл әдіс біркелкі сот практикасын қалыптастыруға, судьялардың жұмысын айтарлықтай жеңілдетуге ықпал етеді. Материалдар мен істердің үштен бір бөлігі, яғни 2 миллион істің 665 мыңы роботты техниканы қолдану арқылы қаралған.
Ал мемлекет басшысы заң үстемдігін қамтамасыз етудің және қоғамның соттарға сенімін арттырудың маңыздылығын ерекше атап өтті.