Күн күрт суытады: синоптиктер алдағы үш күнге ауа райы болжамын жасады

Sputnik
АСТАНА, 20 қаңтар – Sputnik. Қазгидромет 21-23 қаңтарға ауа райы болжамын жасады.
Синоптиктердің мәліметінше 21-22 қаңтарда Солтүстік-батыс циклонының әсерінен елдің басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынды болады: солтүстік өңірлерде қар жауады, шығыста, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста жаңбыр мен қар түрінде қатты жауын-шашын түседі.
Сондай-ақ республика бойынша боран соғып, көктайғақ болады, тұман түседі, желдің жылдамдығы 15-28 м/с күшейеді.
Қазақстанның шығысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында 30 м/с және одан да қатты жел соғады. Алайда бұл жылы әрі ылғалды циклонды суық антициклон алмастырады. Осыған байланысты бүкіл ел бойынша температура күрт төмендейді. Еліміздің солтүстік жартысында 25-35 градусқа дейін, оңтүстігінде 15-25 градусқа дейін аяз болады деп болжанып отыр.