https://sputnik.kz/20250120/kun-kurt-suytady-sinoptikter-aldagy-ush-kunge-aua-rayy-bolzhamyn-zhasady-50137200.html
Күн күрт суытады: синоптиктер алдағы үш күнге ауа райы болжамын жасады
Күн күрт суытады: синоптиктер алдағы үш күнге ауа райы болжамын жасады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 20 қаңтар – Sputnik. Қазгидромет 21-23 қаңтарға ауа райы болжамын жасады. 20.01.2025, Sputnik Қазақстан
2025-01-20T14:00+0500
2025-01-20T14:00+0500
2025-01-20T14:00+0500
ауа райы болжамы
аяз
https://sputnik.kz/img/144/96/1449674_0:484:5233:3427_1920x0_80_0_0_ae5e1d1ce59c4134ee01627a4815accb.jpg
АСТАНА, 20 қаңтар – Sputnik. Қазгидромет 21-23 қаңтарға ауа райы болжамын жасады.Синоптиктердің мәліметінше 21-22 қаңтарда Солтүстік-батыс циклонының әсерінен елдің басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынды болады: солтүстік өңірлерде қар жауады, шығыста, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста жаңбыр мен қар түрінде қатты жауын-шашын түседі.Сондай-ақ республика бойынша боран соғып, көктайғақ болады, тұман түседі, желдің жылдамдығы 15-28 м/с күшейеді.Қазақстанның шығысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында 30 м/с және одан да қатты жел соғады. Алайда бұл жылы әрі ылғалды циклонды суық антициклон алмастырады. Осыған байланысты бүкіл ел бойынша температура күрт төмендейді. Еліміздің солтүстік жартысында 25-35 градусқа дейін, оңтүстігінде 15-25 градусқа дейін аяз болады деп болжанып отыр.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/144/96/1449674_0:0:4651:3488_1920x0_80_0_0_3f90424e434c4f43ed2bd0587bc116d1.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ауа райы болжамы, аяз
Күн күрт суытады: синоптиктер алдағы үш күнге ауа райы болжамын жасады
АСТАНА, 20 қаңтар – Sputnik. Қазгидромет 21-23 қаңтарға ауа райы болжамын жасады.
Синоптиктердің мәліметінше 21-22 қаңтарда Солтүстік-батыс циклонының әсерінен елдің басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынды болады: солтүстік өңірлерде қар жауады, шығыста, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста жаңбыр мен қар түрінде қатты жауын-шашын түседі.
Сондай-ақ республика бойынша боран соғып, көктайғақ болады, тұман түседі, желдің жылдамдығы 15-28 м/с күшейеді.
Қазақстанның шығысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында 30 м/с және одан да қатты жел соғады. Алайда бұл жылы әрі ылғалды циклонды суық антициклон алмастырады. Осыған байланысты бүкіл ел бойынша температура күрт төмендейді. Еліміздің солтүстік жартысында 25-35 градусқа дейін, оңтүстігінде 15-25 градусқа дейін аяз болады деп болжанып отыр.