Астана әкімдігі картоп қорына қатысты мәлімдеме жасады

Sputnik
АСТАНА, 20 қаңтар – Sputnik. Астанада картоп бағасының тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шара қабылданды. Бұл өнімнің тапшылығы мәселесі жоқ. Өнімдер қаладағы сауда желілері мен базарларда жеткілікті мөлшерде ұсынылып, қорлары дер кезінде толықтырылуда, деп хабарлайды әкімдік.
"Астана" СПК" АҚ 7 мың тоннадан астам картоп жеткізуге келісімшарттар жасады, бұл бірқатар сауда орнында өнімге тұрақты бағаны ұстап тұруға мүмкіндік береді. Картоптың құны килограммына 185 теңгеден 250 теңгеге дейінгі аралықты құрайды.
Келісімшарттық көлемдер бірнеше жеткізуші арасында бөлінеді:
"Magnum Cash&Carry" ЖШС – 4160 тонна,
"ҚазПромАгро" ЖШС (Павлодар облысы) – 2240 тонна,
"Нұрбек" КХ (Түркістан облысы) – 680 тонна.
Картоп қаланың "Магнум", "Вкусмарт", "Аян", "Анвар", "Фермаг" сияқты сауда желілерінде, сондай-ақ Сауран, Шапағат және басқа да базарларда бар.
Сонымен қатар, "Астана" СПК" АҚ 7 мың тоннадан астам картоп жеткізу бойынша жаңа келісімшарттар жасау жұмыстарын жалғастыруда. "Magnum" желісінде картоптың белгіленген бағамен – килограмына 185 теңге қорын қалыптастыруға ерекше назар аударылады.
Бұл ретте, Өңірлік комиссия әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаның негізсіз өсуіне мониторинг және тұрақты тексерулер жүргізеді.
Қазақстанда картоп қымбаттады - Астана мен Алматыдағы бағаларға шолу