Қазақстанда картоп қымбаттады - Астана мен Алматыдағы бағаларға шолу

© Public DomainКартофель, урожай, иллюстративное фото
Картофель, урожай, иллюстративное фото  - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.01.2025
Жазылу
Бұған дейін Қазақстан ЕАЭО елдерінен басқа үшінші елдерге картоп экспортын алты айға шектеген болатын
АСТАНА, 20 қаңтар— Sputnik. Астанада жыл басынан бері картоп бір жарым есеге жуық қымбаттады. Бір келісінің бағасы 400 теңгеден (0,75 доллар) асады.
2025 жылдың қаңтар айының басында картоптың келісі 300 теңге болды.
Sputnik Қазақстан тілшісі танымал сауда желілеріндегі картоп бағасын салыстырды. Galmart, SMALL, Magnum, “Анвар” сияқты желілерде бағалар салыстырылды, ал бақылау салыстыру ретінде “Сауран” базары таңдалды.
Осылайша, Астанада бір келі картоптың бағасы мынандай: Galmart – 391 теңге, SMALL – 433 теңге, Magnum - 455 теңге, “Анварда” – 369 теңге. “Сауран” базарында баға 350-400 теңге аралығында ауытқиды.
Алматыдағы картоп бағасы: SMALL - бір кг үшін 379 теңге, Magnum - бір кг үшін 449 теңге.
Бұған дейін Қазақстан алты айға картопты үшінші елдерге экспорттауға шектеу қойған болатын.
Тыйым ішкі нарықтағы бағаны тұрақтандыру мақсатында енгізілуде – көршілес елдерден, әсіресе Өзбекстаннан сұраныстың артуына және экспорттық бағаның жоғары болуына байланысты картоп экспорты 1,5 есеге, яғни 411 мың тоннадан 605 мың тоннаға дейін өсті. Бұл тыйым ЕАЭО елдеріне қолданылмайды.
Макароны - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.12.2024
ЕАЭО азық-түлік тапшылығының алдын алу тетіктерін әзірлейді
Жаңалықтар
0