Шығыс Қазақстанда қар көшкіні қаупіне байланысты көлік қозғалысына шектеу қойылды

Sputnik
АСТАНА, 19 қаңтар – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысында көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлады "ҚазАвтоЖол".
"2025 жылғы 19 қаңтарда сағат 19:00-дан бастап Шығыс Қазақстан облысында қар көшкіні маршруттарында қар жамылғысының жиналуына және тұрақсыздығына және қар көшкінінің өздігінен түсу қаупіне байланысты "Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Катон-Қарағай-Рахманов кілттері" автожолының учаскесінде 6-66 ш, Ушанов а. - Серебрянск қ. учаскесінде автокөліктің барлық түрі үшін шектеу енгізеді", - деп жазылған хабарламада.
Жолды 2025 жылдың 20 қаңтарында сағат 06:00-де ашу жоспарланған.
Еске сала кетейік, 18 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысында таудан қар көшкіні түсіп, жолды жауып тастаған болатын. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.
Қаңтарда ауа райы қандай болады - синоптиктер болжамы