Қаңтарда ауа райы қандай болады - синоптиктер болжамы

© Sputnik/Ертай СарбасовСнег в Алматы
Снег в Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.01.2025
Жазылу
АСТАНА, 1 қаңтар – Sputnik. Қазгидромет қаңтар айына арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Жаңа жылдың алғашқы онкүндігінде Атлантикалық циклондардың әсері сезіледі. Сол себепті ауа райы құбылмалы болады.
"Республиканың солтүстігі мен оңтүстігі, оңтүстік-шығыс, шығысының таулы аудандарында бұрқасынмен қар, кейде қатты қар болжанады, елдің оңтүстік жартысында жауын-шашын жабысқақ қар, жаңбыр түрінде күтіледі. Қазақстанның басым бөлігінде жел 15-20 м/с-дейін күшейеді, кейде екпіні 23-28 м/с жетеді, елдің солтүстік-батыс жартысында жел 30 м/с дейін және одан да көп болуы ықтимал", - дейді синоптиктер.
1-10 қаңтардағы ауа райының температурасы:
батыста түнде -5+2°С-тан -3-12°С-қа дейін, күндіз -3+5°С-тан 0,-8°С-қа дейін;
солтүстік-батысында түнде 0,-7°С-тан -10-20°С-қа дейін, күндіз -5+2°С-тан -8-13°С-қа дейін;
солтүстік, орталық пен шығыста түнде -5-13°С-тан 0,-8°С-қа дейін, күндіз -2-8°С-тан -3+2°С-қа дейін аздап жоғарылауы, содан кейін түнде ауа температурасының -10-20°С-қа дейін, күндіз -5-12°С дейін;
оңтүстік пен оңтүстік-шығыста түнде -8+2°С, күндіз -3+7°С шамасында, содан кейін түнде ауа температурасының -8-15°С, күндіз -3-10°С дейін.
Ал оңтүстік циклондардың келуімен ауа температурасы көтеріледі, тіпті, бірнеше қарқынды жылу толқындары болады.
солтүстік жартысында күндіз -5+2°С дейін,
елдің оңтүстік жартысында және оңтүстік-батысында +2+12°С дейін.
Бірақ солтүстік-батыс антициклонның енуіне байланысты бірнеше қарқынды суық толқындар болжанады, бұл күндері ауа температурасы төмендейді.
солтүстік жартысында және орталығында түнде -25-35°С дейін, күндіз -15-25°С дейін,
республиканың оңтүстік жартысында және оңтүстік-батысында түнде -12-22°С дейін, күндіз -3-15°С дейін.
Қаңтарда екпінді жел, тұман, көктайғақ жиі болжанады.
Айта кетері, бір айға арналған болжамды консультативтік ретінде пайдалану керек. Ол кейіннен синоптикалық жағдайдың өзгеруіне қарай түзетіледі және онкүндікке және 2-3 тәулікке арналған ауа райы болжамымен нақтыланады.
Жаңалықтар
0