АСТАНА, 18 қаңтар – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысында қар көшкіні жүрді. Құтқарушылар жағдайдың мән-жайын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Қазселденқорғау" мекемесінің мәліметінше, Ұлан ауданында облыстық маңызы бар Өскемен - Самара тасжолының 101-шақырымында қалың қар жауып, жел күшеюі салдарынан жалпы көлемі 370 текше метр қар көшкіні болған.
"Зардап шеккендер мен қираған ғимараттар жоқ. Қар көшкіні жолды жауып тастады. Жол тазартылды. 17-20 қаңтар аралығында облыстың таулы аудандарында көшкін қаупі жарияланды", - деп жазылған хабарламада.
ТЖМ тұрғындарға тауға барудан бас тартуды ұсынады. Көшкін қаупі бар ошақтар тасжолдарға қауіп төндіреді, олардың жанынан өтіп бара жатқанда тоқтамаған жөн.