АСТАНА, 18 қаңтар – Sputnik. Қаңтардың 18-інен 19-ына қараған түні Астанада барлық православие шіркеулерінде шоқыну рәсімі өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Крещение в Астане
© Sputnik / Санат Имангалиев
Астанада рәсім Успен соборында, Константин-Еленин шіркеуінде, Саров Серафим шіркеуінде өтеді.
Крещение в Астане
© Sputnik / Санат Имангалиев
Рәсім кезеңінде шомылу үшін ойықтар жабдықталған. Астанада суға шомылу арнайы белгіленген орындарда өтеді.
Елорданың жүздеген тұрғыны мен қонағы рәсімге қатысу үшін қоғамдық шомылу орындарына жиналды. Қоғамдық шомылуға арналған ойықтар Есіл өзенінің сол жағалауында, "Столичный" саябағының жағалауы аймағында орнатылған.
Крещение в Астане
© Sputnik / Санат Имангалиев
Суға шомылу орындары 18 қаңтар күні сағат 20:00-ден 19 қаңтар күні сағат 02:00-ге дейін жұмыс істейді. Жаппай шомылу 19 қаңтарда сағат 08:00-ден 23:00-ге дейін жалғасады.
Төтенше жағдайлар департаментінің құтқару қызметі мен Астана қаласы полиция қызметкерлері діни рәсім кезінде тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп жатыр. Суға түсу орындарында жедел жәрдем бригадалары кезекшілік етуде.
Крещение в Астане
© Sputnik / Санат Имангалиев
Шомылуға арналған әр орында төсеніштер төселіп, мұзды суға қауіпсіз түсуге арналып жабдықталған және киінуге арналған орындар қарастырылған.
Қажет болған жағдайда құтқарушылар мен дәрігерлер адамдарды жылыту пунктеріне орналастыруға және медициналық көмек көрсетуге дайын.