https://sputnik.kz/20250118/astanada-shoqynu-rasimi-qalay-otip-zhatyr-50102278.html
Астанада шоқыну рәсімі қалай өтіп жатыр
Астанада шоқыну рәсімі қалай өтіп жатыр
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 18 қаңтар – Sputnik. Қаңтардың 18-інен 19-ына қараған түні Астанада барлық православие шіркеулерінде шоқыну рәсімі өтеді, деп хабарлайды елорда... 18.01.2025, Sputnik Қазақстан
2025-01-18T21:38+0500
2025-01-18T21:38+0500
2025-01-19T09:39+0500
астана
https://sputnik.kz/img/07e9/01/12/50080335_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_95e896d115053bc3f67670ee8dfd1299.jpg
АСТАНА, 18 қаңтар – Sputnik. Қаңтардың 18-інен 19-ына қараған түні Астанада барлық православие шіркеулерінде шоқыну рәсімі өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Астанада рәсім Успен соборында, Константин-Еленин шіркеуінде, Саров Серафим шіркеуінде өтеді.Рәсім кезеңінде шомылу үшін ойықтар жабдықталған. Астанада суға шомылу арнайы белгіленген орындарда өтеді.Елорданың жүздеген тұрғыны мен қонағы рәсімге қатысу үшін қоғамдық шомылу орындарына жиналды. Қоғамдық шомылуға арналған ойықтар Есіл өзенінің сол жағалауында, "Столичный" саябағының жағалауы аймағында орнатылған.Суға шомылу орындары 18 қаңтар күні сағат 20:00-ден 19 қаңтар күні сағат 02:00-ге дейін жұмыс істейді. Жаппай шомылу 19 қаңтарда сағат 08:00-ден 23:00-ге дейін жалғасады.Төтенше жағдайлар департаментінің құтқару қызметі мен Астана қаласы полиция қызметкерлері діни рәсім кезінде тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп жатыр. Суға түсу орындарында жедел жәрдем бригадалары кезекшілік етуде.Шомылуға арналған әр орында төсеніштер төселіп, мұзды суға қауіпсіз түсуге арналып жабдықталған және киінуге арналған орындар қарастырылған.Қажет болған жағдайда құтқарушылар мен дәрігерлер адамдарды жылыту пунктеріне орналастыруға және медициналық көмек көрсетуге дайын.
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/01/12/50080335_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_d481daac868b8a4e8fea7fa05a7bcfe6.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
астана
АСТАНА, 18 қаңтар – Sputnik. Қаңтардың 18-інен 19-ына қараған түні Астанада барлық православие шіркеулерінде шоқыну рәсімі өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Астанада рәсім Успен соборында, Константин-Еленин шіркеуінде, Саров Серафим шіркеуінде өтеді.
Рәсім кезеңінде шомылу үшін ойықтар жабдықталған. Астанада суға шомылу арнайы белгіленген орындарда өтеді.
Елорданың жүздеген тұрғыны мен қонағы рәсімге қатысу үшін қоғамдық шомылу орындарына жиналды. Қоғамдық шомылуға арналған ойықтар Есіл өзенінің сол жағалауында, "Столичный" саябағының жағалауы аймағында орнатылған.
Суға шомылу орындары 18 қаңтар күні сағат 20:00-ден 19 қаңтар күні сағат 02:00-ге дейін жұмыс істейді. Жаппай шомылу 19 қаңтарда сағат 08:00-ден 23:00-ге дейін жалғасады.
Төтенше жағдайлар департаментінің құтқару қызметі мен Астана қаласы полиция қызметкерлері діни рәсім кезінде тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп жатыр. Суға түсу орындарында жедел жәрдем бригадалары кезекшілік етуде.
Шомылуға арналған әр орында төсеніштер төселіп, мұзды суға қауіпсіз түсуге арналып жабдықталған және киінуге арналған орындар қарастырылған.
Қажет болған жағдайда құтқарушылар мен дәрігерлер адамдарды жылыту пунктеріне орналастыруға және медициналық көмек көрсетуге дайын.