Семейде мұғалім жарақат алды: еңбек инспекциясы жұмыс берушінің кінәсін дәлелдеді

Sputnik
АСТАНА, 17 қаңтар — Sputnik. Еңбек инспекциясы Семейдегі мұғаліммен болған оқиғаға қатысты тергеуді аяқтады.
Педагог қалалық шыршаны безендіру кезінде құлап, жарақат алған. Жергілікті шенеуніктер шыршаны безендіруге мұғалімдерді тартқан.
Жұмыс берушінің кәнісі толықтай дәлеледенді. Бұл жерде Қуат Айтқалиевтің кінәсі жоқ. Сондықтан комиссия сондай шешім шығарды. Қазіргі уақытта ұстазға жалақысы төленіп жатыр. Сонымен қатар емделуге кеткен барлық шығындар өтеледі", - деді мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Тоқтарбек Түсіпбаев.
Лауазымды өкілеттіктерді асыра пайдалану бойынша одан әрі шешім қабылдау құқық қорғау органдарына жүктеледі.
"Акт жасалды, барлық тиісті құжаттар әзірленді, қазір материалдар Қылмыстық кодекстің 156-бабына сәйкес, еңбек қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін жауап береді", - деп түсіндірді Түсіпбаев.
"Бір сағатта келемін деді": Ауыр жарақат алған мұғалімнің әйелі оқиғаның мән-жайын айтты