АСТАНА, 17 қаңтар – Sputnik. Алматыоблысының Қарасай аудандықсотында 6 полиция қызметкеріне үкім шықты, деп хабарлады аудандық соттың баспасөз қызметі.
2022 жылғы қаңтар оқиғасы кезінде 44 жәбірленуші, оның ішінде Өзбекстан, Тәжікстан және Қырғызстан азаматтары арнайы қабылдағышқа орналастырылды.
"Сотталушылар өздерініңлауазымдық өкілеттігін пайдаланаотырып, заңға қайшыәрекеттер жасады, нәтижесінде зардапшеккендер азапталды", - деп жазылған хабарламада.
Сотталушылардың кінәсі куәгерлердің айғақтарымен, сараптамалардың қорытындыларымен, соттарасталған және зерттелген басқа да дәлелдемелермен толық дәлелденді.
Сот үкімімен 6 полицияқызметкері 146-баптың 1-бөлігінде(2023 жылғы 17 наурызға дейінредакцияда) және ҚК-нің 362-бабының1-бөлігінде көзделген қылмысжасағаны үшін кінәлі деп танылды, қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығы бойынша ҚК-нің 58-бабының 2-бөлігіне сәйкес әрқайсысына 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы кесілді.
Бас прокуратураның мәліметінше, қаңтар оқиғасы кезінде 238 адам қаза тапты, оның 19-ы күш құрылымдарының қызметкері.