АСТАНА, 17 қаңтар – Sputnik. АҚШ президенті Джо Байден MSNBC телеарнасына берген сұхбатында 2023 жылы Киевке сапары кезінде қастандықтан қорыққанын мойындады.
Байден қақтығыс өршіп тұрған тұста Украинаға жасаған сапары туралы егжей-тегжей баяндап, журналистің "АҚШ күштері бақылауда ұстамайтын ұрыс даласына бару туралы шешімді қалай қабылдадыңыз?" деген сұрағына жауап берді.
Байден Ресей "АҚШ президентімен есеп айырысуға" тырыспайды деп ойлағанын айтты.
"Мен мұны Украинадағы орыстың бақылауындағы немесе олармен ынтымақтастық орнатқан радикалды элементтер істеуі мүмкін деп алаңдадым", - деді ол.
2023 жылдың ақпанында Байден Киевке алдын ала хабарланбаған сапармен келіп, Владимир Зеленскиймен кездесті.
Осыған дейін америкалық New York Times газеті "Украина темір жолдары" директорының орынбасары Александр Шевченкоға сілтеме жасай отырып, оның сапары кезінде екі бірдей пойыз бір уақытта әртүрлі бағдарда жүріп өткенін, сондықтан оның қайсысы "елес пойыз" екенін ешкім білмегенін хабарлады.