https://sputnik.kz/20250117/bayden-kievke-sapary-kezinde-neden-qoryqqanyn-aytty-50045500.html
Байден Киевке сапары кезінде неден қорыққанын айтты
Байден Киевке сапары кезінде неден қорыққанын айтты
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 17 қаңтар – Sputnik. АҚШ президенті Джо Байден MSNBC телеарнасына берген сұхбатында 2023 жылы Киевке сапары кезінде қастандықтан қорыққанын мойындады. 17.01.2025, Sputnik Қазақстан
2025-01-17T16:00+0500
2025-01-17T16:00+0500
2025-01-17T16:00+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
https://sputnik.kz/img/07e5/06/0e/17336887_0:133:3168:1915_1920x0_80_0_0_7e5a378cdf3200473da7cc44acd05d2e.jpg
АСТАНА, 17 қаңтар – Sputnik. АҚШ президенті Джо Байден MSNBC телеарнасына берген сұхбатында 2023 жылы Киевке сапары кезінде қастандықтан қорыққанын мойындады.Байден қақтығыс өршіп тұрған тұста Украинаға жасаған сапары туралы егжей-тегжей баяндап, журналистің "АҚШ күштері бақылауда ұстамайтын ұрыс даласына бару туралы шешімді қалай қабылдадыңыз?" деген сұрағына жауап берді.Байден Ресей "АҚШ президентімен есеп айырысуға" тырыспайды деп ойлағанын айтты.2023 жылдың ақпанында Байден Киевке алдын ала хабарланбаған сапармен келіп, Владимир Зеленскиймен кездесті.Осыған дейін америкалық New York Times газеті "Украина темір жолдары" директорының орынбасары Александр Шевченкоға сілтеме жасай отырып, оның сапары кезінде екі бірдей пойыз бір уақытта әртүрлі бағдарда жүріп өткенін, сондықтан оның қайсысы "елес пойыз" екенін ешкім білмегенін хабарлады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/06/0e/17336887_220:0:2949:2047_1920x0_80_0_0_7738ca70e6b767a33c52f9c379f5fd9a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Байден Киевке сапары кезінде неден қорыққанын айтты
АСТАНА, 17 қаңтар – Sputnik. АҚШ президенті Джо Байден MSNBC телеарнасына берген сұхбатында 2023 жылы Киевке сапары кезінде қастандықтан қорыққанын мойындады.
Байден қақтығыс өршіп тұрған тұста Украинаға жасаған сапары туралы егжей-тегжей баяндап, журналистің "АҚШ күштері бақылауда ұстамайтын ұрыс даласына бару туралы шешімді қалай қабылдадыңыз?" деген сұрағына жауап берді.
Байден Ресей "АҚШ президентімен есеп айырысуға" тырыспайды деп ойлағанын айтты.
"Мен мұны Украинадағы орыстың бақылауындағы немесе олармен ынтымақтастық орнатқан радикалды элементтер істеуі мүмкін деп алаңдадым", - деді ол.
2023 жылдың ақпанында Байден Киевке алдын ала хабарланбаған сапармен келіп, Владимир Зеленскиймен кездесті.
Осыған дейін америкалық New York Times газеті "Украина темір жолдары" директорының орынбасары Александр Шевченкоға сілтеме жасай отырып, оның сапары кезінде екі бірдей пойыз бір уақытта әртүрлі бағдарда жүріп өткенін, сондықтан оның қайсысы "елес пойыз" екенін ешкім білмегенін хабарлады.