Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Трамп кеңесшілері Украинаны реттеудің жаңа мерзімін атады

Sputnik
АСТАНА, 15 қаңтар - Sputnik. АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трамптың кеңесшілері Украинадағы қақтығысты шешу үшін Трампқа бірнеше ай немесе одан да көп уақыт қажет деп есептейді, деп хабарлайды Рейтер. Бұл туралы РИА Новости жазды.
“Трамптың кеңесшілері қазір Украинадағы соғысты реттеу процесі бірнеше айға немесе одан да көп уақытқа созылатынын мойындады”, - делінген агенттік хабарламасында.
Рейтер хабарлағандай, Трамппен Украинадағы қақтығысты талқылаған президенттің екі көмекшісі сайланған президенттің қызметке кіріскен бірінші күнінде қақтығысты тоқтату туралы уәделері “сайлау науқанындағы ұранды сөз екенін және мәселенің күрделілігін жеткіліксіз бағалаудың салдары” екенін айтты.
Бұған дейін Трамп Ресей президенті Владимир Путинмен Украина бойынша келіссөздер жарты жылдан аз уақыт ішінде өтуі мүмкін деп үміттенетінін айтқан. Сонымен қатар, президент сайлауы науұанында Трамп украиналық қақтығысты келіссөздер арқылы реттеуге қол жеткізетініне уәде беріп, Украинадағы қақтығысты бір күнде шеше алатынын бірнеше рет мәлімдеген. Ресей Федерациясында бұл бір күнде шешілетін жеңіл мәселе емес деп санайды.
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Украина босқындар елге өз еркімен орала алатынын жариялады