АСТАНА, 14 қаңтар – Sputnik. Сауда және интеграция министрлігі шетелдік онлайн дүкендерді тіркеу жүйесін таныстырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Министр Арман Шаққалиев шетелдік маркетплейстерді тіркеу бойынша электронды платформа енгізуді ұсынып отыр. Бұдан басқа, олар үшін тауарлардың қауіпсіздігі, контрафактіге қарсы күрес, тұтынушылардың құқықтарын қорғау, жеке деректерді сақтау және қорғау, салықтық және кедендік ашықтық жөніндегі талаптарды сақтау мақсатында міндетті шарттарды енгізу жоспарланған.
Бүгінде Қазақстанның юрисдикциясынан тыс орналасқан шетелдік онлайн сауда алаңдарына қатысты шағымдар көбейген. Осыған байланысты тиісті шараларды қолға алу қажет.
Айта кетері, 2024 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша қазақстандықтар барлығы 3,2 трлн теңгеге онлайн сауда жасаған.