Қазақстандықтар онлайн саудаға қанша ақша жұмсады

© pexels.comПеревод денег по мобильному приложению, иллюстративное фото
Перевод денег по мобильному приложению, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.01.2025
Жазылу
2020 жылдан бастап еліміздегі электронды сауда көлемі бес есеге ұлғайды
АСТАНА, 14 қаңтар – Sputnik. Сауда және интеграция министрлігі қазақстандықтардың шетелдік онлайн дүкендерде жұмсаған қаржысын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
2024 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша қазақстандықтар барлығы 3,2 трлн теңге жұмсаған.
Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиевтің айтуынша, 2020 жылдан бастап еліміздегі электронды сауда көлемі бес есеге ұлғайды.
"Алайда бұл әлі де әлемдік орташа деңгейден төмен. Десе де жастар санының көптігін, финтехтің дамуын, интернеттің қолжетімділігін және қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың кең таралуын ескере келгенде, Қазақстанда интернет-сауданы дамытудың жоғары әлеуеті бар", - деді Шаққалиев үкіметтің бүгінгі отырысында.
2029 жылға қарай электронды сауда көрсеткішін үш есеге ұлғайту және оны 9,3 трлн теңгеге дейін жеткізу жоспарланып отыр. Бұл саланы ілгерілету үшін үкімет онлайн-коммерцияны дамыту жоспарын қабылдады.
Жаңалықтар
0