АСТАНА, 14 қаңтар — Sputnik. Астанада 21-ші Халықаралық Жәутіков олимпиадасында 15 мемлекеттен келген оқушылар математика, физика және информатика пәндерінен сынға түсіп жатыр, деп хабарлады Оқу-ағарту министрлігі.
Байқауға Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан, Тәжікстан, Ресей, Беларусь, Армения, Әзербайжан, Түркия, Грузия, Болгария, Румыния, Сербия және Моңғолия елдерінен 700-ге жуық қатысушы келді.
Астанадағы халықаралық Жәутіков олимпиадасы
Олимпиада бес күнгесозылып, жеңімпаздар 17 қаңтаркүні анықталады.
"Доданың қорытындысы бойынша жеке рейтинг, сонымен бірге мамандандырылған мектептердің мықты командаларының рейтингі шығарылады. Олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне бағалы сыйлықтар беріледі", - деп жазылған хабарламада.
Астанадағы халықаралық Жәутіков олимпиадасы
Олимпиаданың қазылар алқасы төрағасы, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі Асқар Жұмаділдаев Жәутіков олимпиадасы әр елдің ең қабілетті оқушылары арасында білім, тәжірибе және идеялар алмасатын бірегей алаң екенін атап өтті.
Астанадағы халықаралық Жәутіков олимпиадасы
"Бұл тапсырмалар тек білімді тексеріп қана қоймай, сыни ойлауға, шығармашылық шешімдер табуға және ғылымды өмірде қолдануға үйретеді. Сіздерге сенімділік, сәттілік және жаңа жетістіктер тілеймін!", — деді Асқар Жұмаділдаев.