https://sputnik.kz/20250114/astanadagy-zhautikov-olimpiadasynda-15-memlekettin-oqushylary-synga-tusip-zhatyr-49953103.html
Астанадағы Жәутіков олимпиадасында 15 мемлекеттің оқушылары сынға түсіп жатыр
Астанадағы Жәутіков олимпиадасында 15 мемлекеттің оқушылары сынға түсіп жатыр
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 14 қаңтар — Sputnik. Астанада 21-ші Халықаралық Жәутіков олимпиадасында 15 мемлекеттен келген оқушылар математика, физика және информатика пәндерінен... 14.01.2025, Sputnik Қазақстан
2025-01-14T14:13+0500
2025-01-14T14:13+0500
2025-01-14T14:13+0500
астана
білім
https://sputnik.kz/img/07e9/01/0e/49951336_0:0:1280:720_1920x0_80_0_0_8e990ae9d34474dba9c0f8dc21d0ee5c.jpg
АСТАНА, 14 қаңтар — Sputnik. Астанада 21-ші Халықаралық Жәутіков олимпиадасында 15 мемлекеттен келген оқушылар математика, физика және информатика пәндерінен сынға түсіп жатыр, деп хабарлады Оқу-ағарту министрлігі.Байқауға Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан, Тәжікстан, Ресей, Беларусь, Армения, Әзербайжан, Түркия, Грузия, Болгария, Румыния, Сербия және Моңғолия елдерінен 700-ге жуық қатысушы келді.Олимпиада бес күнгесозылып, жеңімпаздар 17 қаңтаркүні анықталады."Доданың қорытындысы бойынша жеке рейтинг, сонымен бірге мамандандырылған мектептердің мықты командаларының рейтингі шығарылады. Олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне бағалы сыйлықтар беріледі", - деп жазылған хабарламада.Олимпиаданың қазылар алқасы төрағасы, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі Асқар Жұмаділдаев Жәутіков олимпиадасы әр елдің ең қабілетті оқушылары арасында білім, тәжірибе және идеялар алмасатын бірегей алаң екенін атап өтті."Бұл тапсырмалар тек білімді тексеріп қана қоймай, сыни ойлауға, шығармашылық шешімдер табуға және ғылымды өмірде қолдануға үйретеді. Сіздерге сенімділік, сәттілік және жаңа жетістіктер тілеймін!", — деді Асқар Жұмаділдаев.
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/01/0e/49951336_160:0:1120:720_1920x0_80_0_0_4fe8365ef2dd1998e01ad6b0506c70f8.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
астана, білім
АСТАНА, 14 қаңтар — Sputnik. Астанада 21-ші Халықаралық Жәутіков олимпиадасында 15 мемлекеттен келген оқушылар математика, физика және информатика пәндерінен сынға түсіп жатыр, деп хабарлады Оқу-ағарту министрлігі.
Байқауға Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан, Тәжікстан, Ресей, Беларусь, Армения, Әзербайжан, Түркия, Грузия, Болгария, Румыния, Сербия және Моңғолия елдерінен 700-ге жуық қатысушы келді.
Олимпиада бес күнгесозылып, жеңімпаздар 17 қаңтаркүні анықталады.
"Доданың қорытындысы бойынша жеке рейтинг, сонымен бірге мамандандырылған мектептердің мықты командаларының рейтингі шығарылады. Олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне бағалы сыйлықтар беріледі", - деп жазылған хабарламада.
Олимпиаданың қазылар алқасы төрағасы, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі Асқар Жұмаділдаев Жәутіков олимпиадасы әр елдің ең қабілетті оқушылары арасында білім, тәжірибе және идеялар алмасатын бірегей алаң екенін атап өтті.
"Бұл тапсырмалар тек білімді тексеріп қана қоймай, сыни ойлауға, шығармашылық шешімдер табуға және ғылымды өмірде қолдануға үйретеді. Сіздерге сенімділік, сәттілік және жаңа жетістіктер тілеймін!", — деді Асқар Жұмаділдаев.