АСТАНА, 14 қаңтар — Sputnik. Соңына дейін тыныш отырып, Америка халқына зиян келтіретін әрекет жасамау керек, деген Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров
Байден әкімшілігіне олардың бағытын америкалықтар қолдамайтынын мойындауға кеңес берді.
“Өзің сайланбасаң және командаңның Америкаға қатысты ұстанымын америкалықтардың көпшілігі қолдамайтынын түсініп, адами әдептілікке салып, сайлау мен инаугурация арасындағы үш айда халқына зиян келтіретін әрекет жасамау керек”, - деді Сергей Лавров.
Ресейлік дипломат Байденнің елдің әлемдегі үстем жағдайын қалпына келтіруге тырысқан көшбасшы ретінде тарихта қалатынына үміттенетінін айтқан соңғы мәлімдемесіне осылайша пікір білдірді.