АҚШ "Түрік ағыны" газ құбырын істен шығарғысы келеді – Лавров

© Photo : turkstream.infoПроект "Турецкий поток"
Проект Турецкий поток - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.01.2025
Жазылу
Ресей сыртқы істер министрі баспасөз мәслихатын өткізіп жатыр
АСТАНА, 14 қаңтар — Sputnik. АҚШ "Түрік ағыны" газ құбырын қолданыстан шығарғысы келеді, деп мәлімдеді Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров.
Ресей Сыртқы істер министрлігінің басшысы онлайн режимде баспасөз мәслихатын өткізуде.
"АҚШ энергетикалық инфрақұрылымға қарсы лаңкестік әрекеттерге рұқсат беріп отыр, "Түрік ағынын" жою жоспарларында бар", - деді Лавров.
Оның айтуынша егер Трамп қызметке кіріскеннен кейін Американы одан да ұлы етуге талпынса, онда оны қандай әдістермен жүзеге асыратынын мұқият бағалау керек.
"Вашингтонға бәсекелес қажет емес, ол арзанырақ нәрсе шығара алатындардың барлығын жаншып жатыр. АҚШ-тың жасанды ителлект және чиптерді тіпті НАТО елдеріне де импорттауға тыйым салатын жаңа санкциялар пакеті осыны дәлелдейді", - деді РФ СІМ басшысы.
Жаңалықтар
0