Ұлы Жеңістің 80 жылдығы

Қарағанды облысында соғыс ардагерлеріне 3 млн теңгеден беріледі

Өңірде Жеңістің 80 жылдығын мерекелеуге дайындық басталды
Sputnik
АСТАНА, 13 қаңтар - Sputnik. Қарағанды облысында Ұлы Отан соғысының ардагерлері Жеңістің 80 жылдығына орай 3 млн теңгеден алады, деп хабарлады өңір әкімдігі.
Қазіргі уақытта Қарағанды облысында 3 240 ардагер тұрады, олардың 9-ы Ұлы Отан соғысының ардагері.
"Жеңістің 80 жылдығын мерекелеу бастау алды. Ұлы Отан соғысының ардагерлері Қали Аманбаев пен Қамали Дүйсембековтың 100 жылдығына арналған іс-шаралар өтті. Қазіргі уақытта соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлерінің әлеуметтік мәселелерін шешу жөніндегі жұмысты үйлестіретін облыстық және өңірлік штабтар құрылуда", – деп хабарлады аппараттық кеңесте ішкі саясат басқармасының басшысы Нұрлан Бикенов.
Жеңіс күніне орай біржолғы материалдық көмектің сомасы белгілі болды. Ұлы Отан соғысына қатысушылар 3 млн теңгеден алады. Сондай-ақ жеңілдіктер бойынша ҰОС ардагерлеріне теңестірілгендерге: концлагерлер тұтқындарына және қоршаудағы Ленинград тұрғындарына – 200 мың теңгеден, тыл еңбеккерлеріне – 100 мың теңгеден, ҰОС жылдары қаза тапқан жауынгерлердің жесірлері мен әйелдеріне – 50 мың теңгеден төлемдер қарастырылған.
Сонымен қатар мерейтойлық медальдар тапсырылады.
Жастар ұйымдары еріктілерінің қатысуымен "Ардагерлерге тағзым" қайырымдылық акциясы ұйымдастырылады. Сондай-ақ, мектеп оқушыларына арналған патриоттық іс-шаралар: сынып сағаттары, ерлік сабақтары, конкурстар жоспарланған. "Айбын" әскери-патриоттық жиыны өтеді.
Әдеттегідей онлайн-форматта өмірден озған батырлардың есімін мәңгі есте қалдыру үшін "Ер есімі – ел есінде" акциясы өткізіледі.
Бүгінде облыста 171 Жауынгерлік Даңқ ескерткіші бар.