https://sputnik.kz/20250113/qaragandy-oblysynda-sogys-ardagerlerine-3-mln-tengeden-beriledi-49925699.html
Қарағанды облысында соғыс ардагерлеріне 3 млн теңгеден беріледі
Қарағанды облысында соғыс ардагерлеріне 3 млн теңгеден беріледі
Sputnik Қазақстан
Өңірде Жеңістің 80 жылдығын мерекелеуге дайындық басталды 13.01.2025, Sputnik Қазақстан
2025-01-13T13:57+0500
2025-01-13T13:57+0500
2025-01-13T13:57+0500
ұлы жеңістің 80 жылдығы
https://sputnik.kz/img/1010/61/10106171_0:107:2048:1259_1920x0_80_0_0_a6d29bbb4b6683e75f5c44c14b352234.jpg
АСТАНА, 13 қаңтар - Sputnik. Қарағанды облысында Ұлы Отан соғысының ардагерлері Жеңістің 80 жылдығына орай 3 млн теңгеден алады, деп хабарлады өңір әкімдігі.Қазіргі уақытта Қарағанды облысында 3 240 ардагер тұрады, олардың 9-ы Ұлы Отан соғысының ардагері.Жеңіс күніне орай біржолғы материалдық көмектің сомасы белгілі болды. Ұлы Отан соғысына қатысушылар 3 млн теңгеден алады. Сондай-ақ жеңілдіктер бойынша ҰОС ардагерлеріне теңестірілгендерге: концлагерлер тұтқындарына және қоршаудағы Ленинград тұрғындарына – 200 мың теңгеден, тыл еңбеккерлеріне – 100 мың теңгеден, ҰОС жылдары қаза тапқан жауынгерлердің жесірлері мен әйелдеріне – 50 мың теңгеден төлемдер қарастырылған.Сонымен қатар мерейтойлық медальдар тапсырылады.Жастар ұйымдары еріктілерінің қатысуымен "Ардагерлерге тағзым" қайырымдылық акциясы ұйымдастырылады. Сондай-ақ, мектеп оқушыларына арналған патриоттық іс-шаралар: сынып сағаттары, ерлік сабақтары, конкурстар жоспарланған. "Айбын" әскери-патриоттық жиыны өтеді.Әдеттегідей онлайн-форматта өмірден озған батырлардың есімін мәңгі есте қалдыру үшін "Ер есімі – ел есінде" акциясы өткізіледі.Бүгінде облыста 171 Жауынгерлік Даңқ ескерткіші бар.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1010/61/10106171_114:0:1934:1365_1920x0_80_0_0_e4445df4a22576d9fc25f8bb05d71690.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Қарағанды облысында соғыс ардагерлеріне 3 млн теңгеден беріледі
Өңірде Жеңістің 80 жылдығын мерекелеуге дайындық басталды
АСТАНА, 13 қаңтар - Sputnik. Қарағанды облысында Ұлы Отан соғысының ардагерлері Жеңістің 80 жылдығына орай 3 млн теңгеден алады, деп хабарлады өңір әкімдігі.
Қазіргі уақытта Қарағанды облысында 3 240 ардагер тұрады, олардың 9-ы Ұлы Отан соғысының ардагері.
"Жеңістің 80 жылдығын мерекелеу бастау алды. Ұлы Отан соғысының ардагерлері Қали Аманбаев пен Қамали Дүйсембековтың 100 жылдығына арналған іс-шаралар өтті. Қазіргі уақытта соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлерінің әлеуметтік мәселелерін шешу жөніндегі жұмысты үйлестіретін облыстық және өңірлік штабтар құрылуда", – деп хабарлады аппараттық кеңесте ішкі саясат басқармасының басшысы Нұрлан Бикенов.
Жеңіс күніне орай біржолғы материалдық көмектің сомасы белгілі болды. Ұлы Отан соғысына қатысушылар 3 млн теңгеден алады. Сондай-ақ жеңілдіктер бойынша ҰОС ардагерлеріне теңестірілгендерге: концлагерлер тұтқындарына және қоршаудағы Ленинград тұрғындарына – 200 мың теңгеден, тыл еңбеккерлеріне – 100 мың теңгеден, ҰОС жылдары қаза тапқан жауынгерлердің жесірлері мен әйелдеріне – 50 мың теңгеден төлемдер қарастырылған.
Сонымен қатар мерейтойлық медальдар тапсырылады.
Жастар ұйымдары еріктілерінің қатысуымен "Ардагерлерге тағзым" қайырымдылық акциясы ұйымдастырылады. Сондай-ақ, мектеп оқушыларына арналған патриоттық іс-шаралар: сынып сағаттары, ерлік сабақтары, конкурстар жоспарланған. "Айбын" әскери-патриоттық жиыны өтеді.
Әдеттегідей онлайн-форматта өмірден озған батырлардың есімін мәңгі есте қалдыру үшін "Ер есімі – ел есінде" акциясы өткізіледі.
Бүгінде облыста 171 Жауынгерлік Даңқ ескерткіші бар.