Ұлы Жеңістің 80 жылдығы

Алматыда әскерилер Ұлы Отан соғысының ардагерін 99 жасқа толуымен құттықтады

Sputnik
АСТАНА, 13 қаңтар – Sputnik. Алматыда Бостандық ауданының қорғаныс істері жөніндегі басқарма мен Ардагерлер кеңесінің өкілдері ҰОС ардагері Анатолий Поповты 99 жасқа толған туған күнімен құттықтады, деп хабарлады Қазақстанның қорғаныс министрлігі.
Анатолий Попов 1926 жылдың 13 қаңтарында Алматы облысы Қаскелең қаласында дүниеге келген. 1943 жылы әскери байланысшы мамандығын алған соң Балтық маңындағы майданға жіберілді.
Анатолий Поповтың әскери қызметі "Риганы азат еткені үшін", "Германияны жеңгені үшін" медальдарымен және басқа да мерейтойлық наградалармен марапатталған.
Фашистік басқыншыларды талқандағаннан кейін Анатолий Попов қызметін әскерде жалғастырды. 1952 жылы Саратов әскери-медициналық училищесіне оқуға түседі. Содан кейін Германияда қызмет етті.
1955 жылы туған елге оралып, қалалық санитарлық-эпидемиологиялық станцияда 30 жылдан астам қызмет етті. Анатолий Попов жұбайы Тамарамен бірге үш қыз тәрбиелеп өсірді. Ардагердің төрт немере, алты шөбересі бар.
Әскери қызметшілер майдангерге құттықтау сөз айтып, жергілікті әскери басқару органдарының қолбасшылығының сыйлықтарын табыстады. Олар Анатолий Поповқа Жеңіске қосқан үлесі үшін шексіз алғыстарын білдіріп, денсаулық, амандық және ұзақ ғұмыр тіледі.
Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арналған портал іске қосылды