АСТАНА, 11 қаңтар - Sputnik. Пышақ жарақатын алған полиция қызметкері Алматы ауруханасында қайтыс болды, деп хабарлайды полиция департаменті.
Медеу аудандық полиция басқармасының жедел уәкіліне қатысты оқиға жұмыс уақытынан тыс кезде болған.
"Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сонымен қатар қызметтік тексеру жүргізіледі. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деп хабарлады департамент.
Қазақстан Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес қылмыстық іс бойынша өзге де мәліметтер жария етілмейді.