Ақтауда ер адам өзіне пышақ сұғып, төртінші қабаттан секіріп кетті

© Sputnik / Табылды КадырбековҚолдағы пышақ
Қолдағы пышақ - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.09.2024
Жазылу
АСТАНА, 15 қыркүйек – Sputnik. Әлеуметтік желіде тұрғын үйдің төртінші қабатынан секіріп кеткен ер адамның видеосы тарап жатыр, деп хабарлайды Lada.kz.
Куәгерлердің айтуынша, оқиға Ақтау қаласындағы 28А ықшам ауданында орналасқан №4 үйде болған.
Видеодағы ер адам "мен бұл қылмысты жасаған жоқпын" деп өзін пышақпен ұрып, төртінші қабаттан секіреді. Оның жанында болғандар мұндай әрекетті күтпей, шошынғандарын видеодан түсінуге болады. Сонымен қатар, дәл осы оқиға басқа ракурстан, яғни, үйдің сыртынан да түсірілген видеосы тарады.
Видеоға облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі түсініктеме берді.
"Өзін-өзі өлтіруге итермелеу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Барлық қажетті тергеу шаралары жүргізілуде. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер тергеу мүддесі үшін жарияланбайды", - делінген полиция хабарламасында.
Жаңалықтар
0