Қызылордада мұнай өнімдерін ұрлағандар 200 млн теңге шығын келтірді

Ұрланған 25 тоннадан астам мұнай өнімі тәркіленді
Sputnik
АЛМАТЫ, 10 қаңтар – Sputnik. Қызылордада мұнай өнімдерін ұрлаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлады Polisia.kz.
Қылмыстық схемаға өндіріс нысанының қызметкерлері мен күзетшілері тартылған.
"20-дан астам тінту шаралары жүргізілді. 25 тоннадан астам ұрланған мұнай өнімі тәркіленді. Күдіктілердің әрекетінен кәсіпорынға келтірілген алдын ала шығын 200 миллион теңгеден асады", - дейді ведомство.
олицияға 12 адам жеткізілді, оның 9-ы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Облыстық полиция департаментінің тергеу басқармасы мұнай өнімдерін ұрлау және тиісті құжаттарсыз тасымалдау фактілері бойынша тергеу жүргізуде.
Батыс Қазақстанда мыс кабельдерін ұрлаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды