https://sputnik.kz/20240811/batys-qazaqstanda-mys-kabelderin-urlaumen-aynalysqan-qylmystyq-top-ustaldy-46228447.html
Батыс Қазақстанда мыс кабельдерін ұрлаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды
Батыс Қазақстанда мыс кабельдерін ұрлаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 11 тамыз – Sputnik. Ақсай қаласында мыс кабельдерін ұрлаумен айналысып келген қылмыстық топ құрықталды. 11.08.2024, Sputnik Қазақстан
2024-08-11T19:35+0500
2024-08-11T19:35+0500
2024-08-11T19:35+0500
батыс қазақстан облысы
қылмыстық топ
https://sputnik.kz/img/07e6/08/0a/26639669_0:359:2273:1638_1920x0_80_0_0_9ff3ef3872f66b7a250e89d3a41695c2.jpg
АСТАНА, 11 тамыз – Sputnik. Ақсай қаласында мыс кабельдерін ұрлаумен айналысып келген қылмыстық топ құрықталды.БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, Бөрлі аудандық полиция бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлері кәсіпорындардың бірінің қауіпсіздік қызметімен бірлесе отырып, үш жас жігітті қолға түсірді.Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Келтірілген шығын көлемі анықталуда. Ұрлық деректері бойынша 6 эпизод негізінде қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Олардың осыған ұқсас басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр
батыс қазақстан облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/08/0a/26639669_0:287:2273:1992_1920x0_80_0_0_42a1875d27f2dcde87e76f821fdcb7e9.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
батыс қазақстан облысы, қылмыстық топ
батыс қазақстан облысы, қылмыстық топ
Батыс Қазақстанда мыс кабельдерін ұрлаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды
АСТАНА, 11 тамыз – Sputnik. Ақсай қаласында мыс кабельдерін ұрлаумен айналысып келген қылмыстық топ құрықталды.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, Бөрлі аудандық полиция бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлері кәсіпорындардың бірінің қауіпсіздік қызметімен бірлесе отырып, үш жас жігітті қолға түсірді.
"Аталмыш топ Бөрлі ауданындағы мұнай-газ кәсіпорындарының біріне тиесілі мыс кабельдерді жымқырған. Сондай-ақ акционерлік қоғамдардың бірінің аккумулятор батареяларын ұрлаған. Ұсталғандар Ақсай қаласының тұрғындары екені анықталды. Олардың тұрғылықты жері бойынша санкцияланған тінту шараларын жүргізу кезінде күдіктілерден ұрланған заттар жартылай тәркіленді. Сонымен қатар полиция қызметкерлері жымқырылған заттарды сатып алушыны анықтады", - делінген хабарламада.
Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Келтірілген шығын көлемі анықталуда. Ұрлық деректері бойынша 6 эпизод негізінде қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Олардың осыған ұқсас басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр