Маңғыстау техникалық колледжінде бас есепші бюджет қаражатын жымқырған

Sputnik
АСТАНА, 10 қаңтар – Sputnik. Облыс прокуратурасы Маңғыстау техникалық колледжінің қызметінде тексеріс жүргізді, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
“Тексеріс нәтижесі бойынша бас бухгалтердің 243 млн теңге көлемінде іссапар, шәкіртақы және салық міндеттемелері үшін көзделген қаражатты өзінің жеке шотына заңсыз аудару арқылы бюджет қаражатын жымқыру фактісі анықталды”, - деп жазылған хабарламада.
Осы факті бойынша Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігі 2) тармақшасымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
Қылмыстық іс арнайы прокурордың өндірісінде, сот сараптамалары тағайындалды. Басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жария етілмейді.
Жемқорлық үшін сотқа тартылғандардың әрбір төртіншісі – әкімдік қызметкері