АЛМАТЫ, 10 қаңтар – Sputnik. Былтыр 80 млн теңге болатын 2 мыңға жуық жалған банкнот анықталды.
Бұл қаржылық тұрақтылыққа елеулі қауіп төндірді, деп хабарлады Қаржы мониторингі агенттігі.
“Жалпы тәркіленген жалған ақшаның сомасы 80 миллион теңгеден асты. Жалған банкнота жасаумен және сатумен айналысқан 8 адам сотталды. Олар 5 жылдан 6 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылды”, - деп жазылған хабарламада.
Қаржы мониторингі агенттігі валюталық операциялар жасағанда аса сақ болуды ескеттті.
"Әлеуметтік желілерде азаматтар шынайы ақшаны жалған немесе сувенирлік ақшамен шатастыратын бейнежазбалар тарап жатыр. Валюталық операциялар кезінде банкноттарды тексеріңіз. Ақша қағазының сапасына, қорғаныш элементтеріне (мөртаңбасы, микроэлементтер, белгілі бір жарықта көрінетін белгілері) және текстура мен шрифтіне назар аударыңыз", - дейді агенттік мамандары.