Қоғам

Клиенттерге жалған ақша сатқан: Шымкентте банк қызметкерлері сотталды

© Sputnik / Абзал КалиевАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.09.2023
Жазылу
Банк қызметкерлеріне жалған купюралар берген әйел биыл наурыз айында Швецияда ұсталып, Қазақстанға экстрадицияланды
АСТАНА, 15 қыркүйек – Sputnik. Қаржылық мониторинг агенттігінің Шымкенттегі департаменті қаланың екі тұрғынына қатысты 4000 еуро сомасында жалған ақша сату фактісі бойынша істі аяқтады.
ҚМА ақпаратынша, оқиға 2021 жылы Шымкенттегі банктердің бірінде болған. Банк қызметкерлері алдын ала сөз байласу арқылы клиенттерге 4 000 еуро жалған купюралар сатқан.
Бұл факті бойынша тергеу жүргізілді. Оның нәтижесі бойынша банктің 5 қызметкері кінәлі деп танылып, 5 жылға бас бостандығынан айырылды.
"Банк қызметкерлеріне жалған купюралар берген әйелге халықаралық іздеу жарияланды. Биыл наурыз айында ол Швецияда ұсталып, Қазақстанға экстрадицияланды. Маусым айында күдікті әйел мен оның жұбайына қатысты іс сотқа жіберілді. Сот үкімімен олар кінәлі деп танылып, 5 жылға бас бостандығынан айырылды", - делінген хабарламада.
Агенттік жалған ақша тапқан азаматтарға дереу тұрғылықты жері бойынша Экономикалық тергеу департаментіне немесе ҚМА call-орталығына хабарласуға кеңес берді. Call-орталық нөмірі: 1458.
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.08.2023
Дерекқор
Жалған ақшаны қалай ажыратуға болады
Жаңалықтар
0