Сенат ЕАЭО-да банктік кепілдіктерді өзара тану туралы келісімді ратификациялады

Құжат кедергісіз қол жеткізуді қамтамасыз етеді
Sputnik
АСТАНА, 9 қаңтар – Sputnik. Сенат ЕАЭО-да мемлекеттік сатып алу кезінде банктік кепілдіктерді өзара тану туралы келісімді ратификациялады.
Бұл жабдықтаушылардың одаққа мүше басқа мемлекеттердегі мемлекеттік сатып алуларға қатысуын жеңілдетеді.
"Келісімшартты ратификациялау одаққа мүше елдің әлеуетті өнім жабдықтаушыларының одаққа мүше басқа елде өткізілетін мемлекеттік сатып алуларға кедергісіз қатысуына жағдай жасайды, сондай-ақ ұзақ мерзімді және тұрақты негізде мемлекеттік сатып алу саласындағы ынтымақтастықты күшейтеді", - деп хабарлады сенат.
Сенатта сейсенбіде қаржы вице-министрі Дәурен Кеңбейіл мұның қазақстандық кәсіпкерлер үшін не беретінін түсіндірді.
"Бүгінге дейін басқа елдердегі мемлекеттік сатып алуларға қатысу үшін біздің кәсіпкерлер өздері қатысып жатқан елде банк кепілдігін алуы керек еді. ЕАЭО елдерінде біздің еліміздің банктік кепілдіктері танылмады. Бұл келісім күшіне енгеннен кейін біздің кәсіпкерлер біздің банктерден еліміздегі банктік кепілдіктер алып, ЕАЭО-ның басқа елдеріндегі мемлекеттік сатып алуларға қатыса алады", - деді Дәурен Кеңбейіл.