https://sputnik.kz/20250109/senat-eaeo-da-banktik-kepildikterdi-ozara-tanu-turaly-kelisimdi-ratifikatsiyalady-49852752.html
Сенат ЕАЭО-да банктік кепілдіктерді өзара тану туралы келісімді ратификациялады
Сенат ЕАЭО-да банктік кепілдіктерді өзара тану туралы келісімді ратификациялады
Sputnik Қазақстан
Құжат кедергісіз қол жеткізуді қамтамасыз етеді 09.01.2025, Sputnik Қазақстан
2025-01-09T14:20+0500
2025-01-09T14:20+0500
2025-01-09T14:20+0500
еаэо
https://sputnik.kz/img/07e7/03/1d/33400117_1:0:3642:2048_1920x0_80_0_0_3cab1f98e6994a813352e26f64f1c5db.jpg
АСТАНА, 9 қаңтар – Sputnik. Сенат ЕАЭО-да мемлекеттік сатып алу кезінде банктік кепілдіктерді өзара тану туралы келісімді ратификациялады.Бұл жабдықтаушылардың одаққа мүше басқа мемлекеттердегі мемлекеттік сатып алуларға қатысуын жеңілдетеді.Сенатта сейсенбіде қаржы вице-министрі Дәурен Кеңбейіл мұның қазақстандық кәсіпкерлер үшін не беретінін түсіндірді."Бүгінге дейін басқа елдердегі мемлекеттік сатып алуларға қатысу үшін біздің кәсіпкерлер өздері қатысып жатқан елде банк кепілдігін алуы керек еді. ЕАЭО елдерінде біздің еліміздің банктік кепілдіктері танылмады. Бұл келісім күшіне енгеннен кейін біздің кәсіпкерлер біздің банктерден еліміздегі банктік кепілдіктер алып, ЕАЭО-ның басқа елдеріндегі мемлекеттік сатып алуларға қатыса алады", - деді Дәурен Кеңбейіл.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/03/1d/33400117_456:0:3187:2048_1920x0_80_0_0_1572e1b88bd63d6212857968c1401637.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
еаэо
Сенат ЕАЭО-да банктік кепілдіктерді өзара тану туралы келісімді ратификациялады
Құжат кедергісіз қол жеткізуді қамтамасыз етеді
АСТАНА, 9 қаңтар – Sputnik. Сенат ЕАЭО-да мемлекеттік сатып алу кезінде банктік кепілдіктерді өзара тану туралы келісімді ратификациялады.
Бұл жабдықтаушылардың одаққа мүше басқа мемлекеттердегі мемлекеттік сатып алуларға қатысуын жеңілдетеді.
"Келісімшартты ратификациялау одаққа мүше елдің әлеуетті өнім жабдықтаушыларының одаққа мүше басқа елде өткізілетін мемлекеттік сатып алуларға кедергісіз қатысуына жағдай жасайды, сондай-ақ ұзақ мерзімді және тұрақты негізде мемлекеттік сатып алу саласындағы ынтымақтастықты күшейтеді", - деп хабарлады сенат.
Сенатта сейсенбіде қаржы вице-министрі Дәурен Кеңбейіл мұның қазақстандық кәсіпкерлер үшін не беретінін түсіндірді.
"Бүгінге дейін басқа елдердегі мемлекеттік сатып алуларға қатысу үшін біздің кәсіпкерлер өздері қатысып жатқан елде банк кепілдігін алуы керек еді. ЕАЭО елдерінде біздің еліміздің банктік кепілдіктері танылмады. Бұл келісім күшіне енгеннен кейін біздің кәсіпкерлер біздің банктерден еліміздегі банктік кепілдіктер алып, ЕАЭО-ның басқа елдеріндегі мемлекеттік сатып алуларға қатыса алады", - деді Дәурен Кеңбейіл.