Қазақстандықтар жылжымайтын мүлікті онлайн сатып алу және сату мүмкіндігіне ие болады

Sputnik
АСТАНА, 9 қаңтар – Sputnik. Қазақстандықтар жылжымайтын мүлікті онлайн сатып алу және сату мүмкіндігіне ие болады.
Әділет министрлігі тиісті бұйрық жобасын дайындады. Тараптар транзакцияны банк платформасы арқылы онлайн түрде аяқтай алады.
Алайда бұйрық жобасында тек Астана мен Алматыдағы жылжымайтын мүліктер бар.
Әзірге ол 2025 жылдың 23 қаңтарына дейін қоғамдық талқылауда.
Қазақстандықтар жылжымайтын мүлікті алты есе арзан бағаға рәсімдей алады