https://sputnik.kz/20220621/qazaqstandyqtar-zhylzhymaytyn-mulik-25664481.html
Қазақстандықтар жылжымайтын мүлікті алты есе арзан бағаға рәсімдей алады
Қазақстандықтар жылжымайтын мүлікті алты есе арзан бағаға рәсімдей алады
Sputnik Қазақстан
2022 жылдың соңына дейін бұл жобаны енгізетін құрылыс компанияларының тізімін кеңейту жоспарланып отыр 21.06.2022, Sputnik Қазақстан
2022-06-21T10:41+0500
2022-06-21T10:41+0500
2022-06-21T11:17+0500
жылжымайтын мүлік
https://sputnik.kz/img/1165/26/11652658_0:45:1198:719_1920x0_80_0_0_3a60de43987a0eae48d04e00cb69e981.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 21 маусым – Sputnik. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы ХҚО операторларын BI Group және G-Park құрылыс компанияларының кеңселеріне орналастырды, деп хабарлады корпорацияның баспасөз қызметі.Бұл жоба әзірге Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында енгізілді. Электрондық цифрлық қолтаңбасы немесе интернетке қолжетімділігі жоқ клиент сол жерде офлайн режимде жылжымайтын мүлік бойынша мәміле жасай алады.2022 жылдың соңына дейін бұл жобаны енгізетін құрылыс компанияларының тізімін кеңейту жоспарланып отыр.Осыдан бір апта бұрын "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы "Отбасы банк" АҚ-мен ("Бәйтерек" холдингінің еншілес ұйымы) бірлесіп, Blockchain технологиясы арқылы тұрғын үйді жалға беру шартын онлайн рәсімдеу жобасын іске қосқан болатын. Егер бұрын клиенттер тізімдегі құжаттарды жинап, оны әкімдікке өткізген соң тағы 15 жұмыс күн күтетін. Ал жаңа қызметтің арқасында бүкіл процесс 2 сағаттай ғана уақыт алады."Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы мемлекеттік қызмет көрсету бойынша бірыңғай провайдер болып табылады. Ол төрт негізгі бағыт бойынша – халыққа қызмет көрсету, әлеуметтік қамсыздандыру, жер кадастры, жылжымайтын мүлік бойынша барлық мемлекеттік қызметтердің 95,9% көрсетеді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1165/26/11652658_131:0:1198:800_1920x0_80_0_0_e452794d2c2a094d386de78d96a20e68.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жылжымайтын мүлік
Қазақстандықтар жылжымайтын мүлікті алты есе арзан бағаға рәсімдей алады
10:41 21.06.2022 (жаңартылды: 11:17 21.06.2022) 2022 жылдың соңына дейін бұл жобаны енгізетін құрылыс компанияларының тізімін кеңейту жоспарланып отыр
НҰР-СҰЛТАН, 21 маусым – Sputnik. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы ХҚО операторларын BI Group және G-Park құрылыс компанияларының кеңселеріне орналастырды, деп хабарлады корпорацияның баспасөз қызметі.
Бұл жоба әзірге Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында енгізілді. Электрондық цифрлық қолтаңбасы немесе интернетке қолжетімділігі жоқ клиент сол жерде офлайн режимде жылжымайтын мүлік бойынша мәміле жасай алады.
"Бұл жаңа жоба азаматтардың уақытын ғана емес, қаржысын да үнемдейді. Себебі ХҚО арқылы көрсетілетін қызмет құны 7 100 теңгені құрайды, ал нотариустарда ол 6 есе қымбат", - делінген хабарламада.
2022 жылдың соңына дейін бұл жобаны енгізетін құрылыс компанияларының тізімін кеңейту жоспарланып отыр.
Осыдан бір апта бұрын "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы "Отбасы банк" АҚ-мен ("Бәйтерек" холдингінің еншілес ұйымы) бірлесіп, Blockchain технологиясы арқылы тұрғын үйді жалға беру шартын онлайн рәсімдеу жобасын іске қосқан болатын.
Егер бұрын клиенттер тізімдегі құжаттарды жинап, оны әкімдікке өткізген соң тағы 15 жұмыс күн күтетін. Ал жаңа қызметтің арқасында бүкіл процесс 2 сағаттай ғана уақыт алады.
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы мемлекеттік қызмет көрсету бойынша бірыңғай провайдер болып табылады. Ол төрт негізгі бағыт бойынша – халыққа қызмет көрсету, әлеуметтік қамсыздандыру, жер кадастры, жылжымайтын мүлік бойынша барлық мемлекеттік қызметтердің 95,9% көрсетеді.