АЛМАТЫ, 9 қаңтар – Sputnik. Үлкен көлемдегі алаяқтық үшін іздеуде болған ер адам Сербияда ұсталды, деп хабарлады Polisia.kz.
Күдікті 2023 жылы ірі көлемде алаяқтық жасаған.
"Қазақстан ішкі істер министрлігі Интерпол Ұлттық орталық бюросының сұрауымен халықаралық іздеуде болған ер адам Сербияда ұсталды", - деп жазды ведомство.
Бүгін 45 жастағы күдікті Қазақстанға экстрадицияланды.
"2017 жылы ол Kolesa.kz сайтында қолжетімді бағада арнайы техника сататыны туралы хабарландыру жариялап, тұрғындарды алдаған. Алаяқтан жәбір көргендердің бірі оған 43 млн теңгеден астам ақшасын аударған", - дейді полиция.