Ақтауда ұшақ шұғыл қонуға мәжбүр болды

Бұған орталық бактың отын жүйесінен ақау шығуы себеп болды
Sputnik
АЛМАТЫ, 8 қаңтар – Sputnik. Ақтауда Air Astana ұшағы шұғыл қонды, деп хабарлады компания.
"Алматы - Анталья бағытындағы КС915 рейсін орындайтын Airbus A321 ұшағы жедел қонуға мәжбүр болды", - деп жазылған хабарламада.
Ұшақ әуежайдан жергілікті уақыт бойынша 08:35-те ұшқан.
"Техникалық себеппен ұшақ Ақтау әуежайына штаттық режимде қонды. Бұған орталық бак отын жүйесінің сақтандырғыш клапанынан ақау шығуы себеп болды", - дейді компания.
Ұшаққа Алматыдан қосалқы бөлшекті жеткізу керек болған, сол себепті рейс 9 қаңтар сағат 09:20-ға ауыстырылған.
Жолаушыларға тамақ беріліп, қонақ үйге орналастырылды. Осындай шаралар Антальядағы жолаушыларға қатысты да қолданылуда.
Еске сала кетейік, Ақтауда былтыр 25 желтоқсанда Әзербайжан әуе компаниясының ұшағы апатқа ұшырады.