Маңғыстау облысында 9 ай бұрын жоғалған балықшы әлі табылмады

Балықшылардың біреуінің мәйіті 2024 жылдың 20 сәуірінде табылды
Sputnik
АЛМАТЫ, 7 қаңтар – Sputnik. Маңғыстау облысында тоғыз ай бұрын жоғалып кеткен балықшы Руслан Садықов әлі табылмады, деп хабарлады Lada.kz.
Балықшының әйелі іздеу жұмыстарынан нәтиже болмағанын айтады. Десе де үмітін үзбеген, әлі іздеп жүр.
"Егер кім де кім менің күйеуім туралы ақпарат алса, +7 (702) 396-41-59 телефонына хабарласуыңызды сұраймын", - деді жоғалған балықшының әйелі.
Еске сала кетейік, былтыр 2 сәуірде Түпқараған ауданында екі балықшы резеңке қайықпен теңізге шығып, қайтып оралмады. Олардың біреуінің мәйіті 2024 жылдың 20 сәуірінде табылды.
Маңғыстау облысында балықшы жоғалып кетті