Маңғыстау облысында балықшы жоғалып кетті

© Photoархив
архив - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.05.2022
Жазылу
Ер адамның туыстары тұрғындардан іздеу шараларына атсалысуды сұрады
НҰР-СҰЛТАН, 9 мамыр — Sputnik. Жоғалып кеткен екі балықшының бірі – Бақытжан Сұлтанғалиевтің туыстары Маңғыстау облысының тұрғындарынан ер адамды іздестіруге көмектесуді сұрады.
Олар жағалау аумағын шолуға дайын еріктілерден іздеу шараларына атсалысуды өтінді. Бұл туралы жергілікті lada.kz хабарлады.
Сонымен қатар, туыстары сүңгуірлер мен қайық иелерінің теңізде іздеу жұмыстарын жүргізуі де аса қажет екенін айтты.
"30 сәуірде жоғалып кеткен Ақшұқыр балықшыларын іздеу бойынша төтенше жағдайлар департаменті, туыстар мен жанашыр жандар жүргізген іс-шаралар нәтиже бермеді. Сондықтан Маңғыстау халқынан, жас ер-азаматтардан, еріктілерден көмек сұраймыз. Сонымен қатар, Ақтау, Форт-Шевченко мен Құрық аумағына барлау жүргізетін сүңгуірлер мен қайық қажет", - деп хабарлады жоғалған балықшының туыстары.
Жаңалықтар
0