Ақтаудағы ұшақ апаты: Бразилия "қара жәшіктерді" зерттеу жұмыстарын аяқтады

Талдаудың негізінде қорытынды есеп жарияланады
Sputnik
АСТАНА, 7 қаңтар – Sputnik. Бразилия мамандары Ақтау әуежайына жақын жерде құлаған жолаушылар ұшағының қара жәшіктерін ашып, ішіндегі барлық жазбаны зерделеді. Мәліметті тергеуге жауапты мемлекет – Қазақстанға жіберді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Globo басылымына сілтеме жасап.
Қара жәшіктер мәліметін зерделеу жұмыстарына Бразилия мамандары ғана емес, Әзербайжан мен Ресейден келген мамандар да қатысты. Зерттеудің қорытынды материалдары Қазақстанға жіберілді. Себебі тергеу шаралары ұшақ құлаған мемлекетте жүргізіледі. Талдаудың негізінде қорытынды есеп жарияланады.
2024 жылы 25 желтоқсанда Ақтау әуежайына жақын жерде Әзербайжанның жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады. Бортта экипажбен бірге 67 жолаушы болған. Олардың ішінде 29 адам аман қалды.
Ұшақ апатынан қаза тапқандардың ішінде Қазақстан, Әзербайжан мен Ресей азаматтары болды.
Ресей президенті Путин Әзербайжан басшысына қоңырау шалып, қайғылы оқиғаның Ресей әуе кеңістігінде болғаны үшін кешірім сұрады. Қазақстан президентіне де хабарласып, көңіл айтты.
Апатқа ұшыраған Embraer 190 ұшағының өздігінен жазу құралдарын Бразилияға жіберуге шешім қабылданды.
Қазақстан Ақтау маңында апатқа ұшыраған ұшақтың қара жәшіктерін Бразилияға жіберді