Былтыр Қазақстанда төлқұжат рәсімдеу рекордтық деңгейге жетті

Sputnik
АЛМАТЫ, 6 қаңтар - Sputnik. 2024 жылы Қазақстанда 1 488 308 азаматтың төлқұжаты дайындалды. Бұл 30 жылдың ішіндегі рекордық көрсеткіш, – деп хабарлайды Polisia.kz.
"Оның негізі себептерінің бірі – балалар үшін төлқұжат құнының екі есе төмендеуі. Қазақстан Республикасының азаматы паспортын алған ең жас азаматқа не бары 10 күн, ал құжат алған ең үлкен азаматтың жасы 109-да болды", - дейді ведомстводан.
Елге реадмиссия тәртібінде шетелде құжатсыз жүрген 70 қазақстандық азамат қайтарылды. Былтыр шетелдік жұмыс күшін заңсыз еңбекке тартқан 3 786 жұмыс беруші анықталды. Президент жолдауын іске асыру аясында оңайлатылған тәртіпте 41 шетелдік IT-маманы болып тұрақты еңбек етуге рұқсат берілді.
Дерекқор
Төлқұжат жасату қанша теңге тұрады және оған қандай құжаттар қажет