АЛМАТЫ, 5 қаңтар – Sputnik. Мәдениет және спорт министрлігінің бұрынғы вице-министріне қатысты тергеу аяқталды, деп хабарлады сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.
Агенттік вице-министр мен мердігер ұйым басшылығына қатысты тергеуді аяқтады.
"Олар қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдаланып, 1 млрд теңгеден астам қаражатты жымқырды деп айыпталуда", - деп жазды ведомство.
Былтыр 13 желтоқсанда Бас прокуратура күдіктілерге қатысты қылмыстық істі сотқа берді.